Поиск по сайту

Балалық

 Таласбек Әсемқұлов

Графика Изольды Серикбаевой

Бақытты балалық шақ деген  сөздiң мағынасын ешқашан ұғынған емес. Тiптi, балалық шақ  болып па едi, есiне түсiре алмайды. Әйтеүiр бастан өткен бiр тағдыр  бар. Тәттiсiнен ащысы көп, қуанышынан өкiнiшi, қамырығы көп.

            Ойлап отырса анасынан ес бiлгеннен кейiн-ақ жерiп болыпты. Мейiрiмге гүлдей ашылатын сәби жүрек тiршiлiктiң алғашқы күндерi-ақ көңiлдi аяусыз тапаған қатыгездiктен бiржола жабылды. Жеккөрмейтiн, қорқатын. Ешқашан жылып көрмеген жүзiнен, сананы жадылап тастайтын қорғасындай ауыр көзқарасынан.

Бiрақ қанша таяқ жеп теперiш көрсе де атасына айту ойына да келмейтiн. Бар тапқан амалы, үйде жалғыз қалмауға тырысатын. Жазда күнi бойы өзен басында, балалармен бiрге ойнайды, шомылады. Бiрақ қанша сейiлсе де көңiл түкпiрiнде кешке болатын ауыр жазаны еш ұмытпайды…Бақса, балалық өмiрi үйден гөрi далада көбiрек өтiптi. Бiр оқиға ерекше есiнде қалды. Күздiң күнi едi. Сабақтан кейiн басқа балалар сияқты үйге қайтпай әдетiнше далаға тартты. Күн суық, жауын себелеп тұр. Ауыл сыртындағы маяның ығына тығылып алып қиялдап жатқан. Қалай ұйқтап кеткенiн өзi де байқамай қалыпты. Бiреүдiң жұлқығанынан оянды. Атасы екен.

 - Жарығым-ау, бұнда неғып жатырсың? – деген атасы, бұның бетiн сипалап, көзiне үңiле қарап, - Тоңып қалыпсың ғой. Үстi-басың шылқып тұр. Не болды?  Апаң бiрдеңе дедi ма?

Әжiгерей  көз жасын тия алмай қалды.

-         Кетейiкшi,- деген атасының жеңiнен тартып. Өксiгiн тоқтата алмай ықылық ата жылады.

-          Қайда? – дедi қайран қалған атасы…

-         Басқа жаққа, - дедi бұл, - Апамнан кетейiкшi. Бiрге қашайық.

Атасы меңiрейiп қалды. Әжiгерей тоқтай алмай бiрдi айтып бiрге кетiп,  көз жасын жұтып тұрып осы қысқа ғұмырындағы бар көрген қорлығын  айтып шыққан. Екеүi бiр сәт үнсiз қалды.

-         Қашпасаң, онда өзiм қашам,- дедi өксiгi әлi басылмаған Әжiгерей алақанымен көзiн сүртiп. – Тансықтағы Қамила әпкемнiң үйiне қашам.

-         Жарығым-ау, қайда қашасың? – дедi атасы Әжiгерейдi бауырына басып. – Мен … бiлгем жоқ қой. Бiлгем жоқ. Жүр, - Жетелеген күйi аттың жанына әкелген,- Мiн атқа.

Ертоқымға қонжита отырғызып, маяның қуысында жатқан кiтап-дәптер салынған боқшаны қолына ұстатты, аттың белiн қайыстыра өзi де мiндi. Себелеп тұрган сiрке жауын нөсерге айналған. Атасы үстi-үстiне тебiнiп онсыз да жүрдек сары айғырды асықтырып келедi. Қақпа ашық екен. Тентек шал арындаған күйi есiк алдына келiп бiр-ақ тiзгiн тартқан. Аттан жас жiгiтше қарғып түсiп, қамшысын екi бүктеп ұстаған күйi үйге кiрiп кеттi. Бiр сұмдықтың боларын сезген Әжiгерей аттан түсiп  қоранын бұрышына тығылды. Iле айқай шыққан. Өмiрiнде ең  қорқатын нәрсесi үлкендердiң арасындағы ұрыс-керiс болатын. Жүрегi аузына тығылып үрейден iшi бүрiлдi. Жанжалдың үдегенi, ыдыс-аяқтың сынғаны естiлiп жатыр. Келесi сәттегi көрiнiстен шошынып айқайлап жiберген. Екi адам умар-жумар айқасқан күйi далаға шықты. Атасының әлпетi жан шошырлық. Тiлiн тартпай шаңқылдаған кемпiрдi ауланың ортасындағы шалшыққа омақастыра құлатқан, саптама етiк киген бөренедей аяғымен iштен бiр теүiп бүк түсiрген. Содаң соң көзi алайып осқырып тұрған айғырды ауыздығынан ұстап жұлқып қалды. Иесiнiң мiнезiн бiлетiн айғыр тынши қалған. Жүнiсбай шылбырды кемпiрiнiң мойнына салып тұзақты қылқындыра тартты. Содан кейiн атқа мiнген. Ар жағы … ар жағы көрген түс сияқты. Шыңғырып қашқанын бiледi. Көшеде кездейсоқ өтiп бара жатқан екi атты адамның кәрiне мiнiп айқайлай шауып бара жатқан атасының артынан тасырлатып құғанын, бiреүiнiң аты сазға тайып жығылғанын, екiншiсiнiң жүйрiк сары айғырды әзер қуып жеткенiн, шылбырға жармасып әзер тоқтатқанын әлдебiр мас күйде көрiп тұрғанын бiледi.

            Найзағай осқылаған тас қараңғыда, селдеткен жауынның астында тұрып ағайын-тұған араша сұраған. Бiреүлер бiраз жер сүйретiлiп киiмi жыртылған, үстi-басы қан, есеңгiреп қалған кемпiрдi сүйемелдеп ұстап тұр.

-         Не болды сонша, Жүке? - дедi жиналғандардың бiрi.

-          Не болушы едi, - дедi атасы қалш-қалш етiп, - Перiштедей баламды  қор қылды, сүйегiн  жасытты. Итаяқтан сарысу iшкiзiп отыр. О заманда бұ заман, ер баланы осылай қорлағанды қайдан көрдiңдер?

-         Асайын деген екенсiң сен, - дедi апасының тумаларының бiрi,- Кiсi өлтiремiсiң? Тағы да итжеккендi аңсап жүр екенсiң.

-         Ей, мыңғыт! – дедi Жүнiсбай қамшысын бiлеп, - Бүкiл қырғыз атқа қонып шауып алыңдар менi. Қолдарыңнын келсе.

-         Ал сен,- деген одан кейiн кемпiрiне бұрылып, - Бұл үйдiң табалдырығын ендi аттамайсың. Алды-артыңа бiр уыс топырақ. Бар.

Қамшымен қақ бастан бiр-ақ тартқан. Апасының ақ жаулығы ысырылып, бетiн  қан жауып кеттi. Жұрт жабылып жүрiп шалдың қамшысын тартып алды.  

                                   ***

             Ертеңiне тумаларының үйiне түнеп шыққан Күлбағила өзiнiң ауылы Көксалаға кетiп қалды.

            Қиын күндер басталды. Атасы қолынан ештеңе келмейтiн салақ болып шықты. Мосыға қойған шайы екi сағат дегенде әзер қайнайды. Аспаздық өнерi – ет аса алады. Бары сол. Ақырындап бүкiл шаруашылық Әжiгерейдiң қолына көштi. Алғашқы күндерi көршi-қолаң, туыс-тұған қонаққа шақырып, әйелдiң жоқтығын бiлдiртпеген болды. Қашанғы шақыра берсiн, күндердiң күнiнде атасы екеүi оңаша қалды. Бiрде түске қарай  iшiлген таңғы шайдың үстiнде атасы, - Осы сен екеүмiздiкi не әүре? – деген, Әжiгерейдiң бетiне бажайлай қарап, - Ұмытпасам осы қораның бiр жерiнде ескi самауыр бар. Анау … қатынның жасауына келген. Байдың мүлкi деп көрсетүге қорқып жасырып тастаған. Бiреү ұрлап кетпесе жатқан шығар.

            Шайдан кейiн атасы қораны ақтарып жүрiп шынында да үлкен жез самауырды тауып алып келдi. Iшiне бiр шелек су сияды екен. Әжiгерей самауырдың бүйiрiндегi мөрлердi оқып шықты.

-         Тула, - дедi атасына қарап.

-         Ол не, тула деген?

-         Жоқ, бұл орыстың Тула деген қаласы. Сол жерде самауыр жасайтын завод болған екен. Мiне, 1894 жылы жасалған дейдi, - Әжiгерей самауырдың бүйiрiндегi жазуды түртiп қалды.

-         Е, мейлi, солай-ақ болсын, - Атасы самауырдың оттығына шырпы тутатып салды, - Ендi көзiмiз ашылды. Бұл самауыр жарықтық, күттiрмейдi ғой. Iлезде қайнайды.

 

Үстел үстiндегi күйе-күйе шәүгiмдi ары-берi айналдырып қарап Әжiгерейдiң қолына нық ұстатқан, - Мына таскөт итаяқты күресiнге лақтыр.

-         Жоқ, лақтырмаймыз, - дедi Әжiгерей көңiлденiп, - Бұның да бiр керегi болады.

Тiршiлiк бәрiне де үйретедi екен. Екеүi түрлi тамақ даярлауды да, кiр жууды да, бәрiн үйрендi. Кешке бұл сабақтан, атасы жұмыстан келедi. Ас-су iшiп ес жиғаннан кейiн екеүi домбыраға отырады. Атасы қолы жүре келе ұмытылып қалған ескi сарындарды еске түсiрдi, шертiп жүрген күйлерiн қайта жаңғыртты. Бақытты күндер едi бұл.  Жорғадай тербелген сыршыл, айтқыш күйлер, озған заманның ертегiдей хикаялары бұл дүниенiң бар қайғы-қасiретiн  ұмыттырып бала қиялды  бұрын мүлдем көрмеген жерұйық мекенге, бақыттың ордасына жетелеп әкететiн. Жатқаннан кейiн де алған әсерлерiн түннiң бiр уағына дейiн әңгiме етер едi екеүi.

Қарашаның аяғы. Күн жексенбi болатын. Атасы екеүi ауылдан екi шақырымдай жердегi қой қорадан ойып кептiрiп кеткен қиды алып келемiз деп аттанды. Аспан алабұлт. Әжiгерей жол бойы арбадан қайта-қайта секiрiп түсiп қышаның жидегiн тердi. Тiл үйiретiн тәттi қызыл түйiрдiң бiрнешеүiн атасына да бердi. Күн түстен ауғанда арбаның қанатын жайып қиды сықастыра қалап асықпай ауылға қарай бет алған. Екеүi арбаға отырмай жаяу келе жатыр.

-         Биыл қыс жылы, жайлы болады, - дедi атасы, - Боқырауда қырбақ қана қар жауды, күн жылы болды.

-         Ата, биыл соғымға не соямыз? - дедi Әжiгерей.

-         Қара тайға тиiспейiк, - дедi атасы, - Тұрқына қарағанда нағыз мама бие болатын мал. Анау қызыл өгiзшенi сояйық.

-         Одан да қой сояйық, - дедi Әжiгерей, - Екеүмiзге екi қой жетедi. Өгiзшенi өгiз қылайық, кейiн арбаға жегемiз.

Атасы күлдi. Осындай қысыр әңгiмемен ауыл шетiне iлiнген.

-         Ата, ананы қара, - дедi Әжiгерей қолын созып, - Бiздiң үйдiң мұржасынан түтiн шығып тұр.

-         Ойпырай! Бұл не болды? Сен есiктi жаппап па едiң?

-         Жапқам. Мiне, кiлт қалтамда.

-         Әлде, Қамила жарығым келiп қалды ма екен. Әкесiн сағынғанда  осылай қарай тартып кетүшi едi ғой. Қазiр көремiз, – Атасы делбенi қаттырақ қақты.

Арба сықырлап келiп қақпаға тiреле тоқтағанда аулада қой сойып жатқан жiгiт бұларға қарай ыржалақтай жүгiрген.

-         Жүкен ата, амансыз ба? – Айғыз-айғыз қан қатқан қолын қақпадан асыра ұсынған.

-         Тәйт, ары, - дедi атасы, - Кiмсiңдер? Аш қақпаны! Иесiз үйге неге кiресiңдер?

-         Ойпырай, жездеке-ай, - дедi кейiп қалған жiгiт, - Танымасаңыз айтайын, Көксаладағы Жұмағұлдың баласымын. Үйiңiз иесiз деп кiм айтты. Жүкеңнiң үйi деп түстiк қой...

Атасы жауап бермеген күйi үйге кiрдi. Әжiгерей iлесе жүрген. Шағын бөлме толған адам. Төрде қос жастықты шынтақтап көкшулан сақалы кеүдесiн жапқан қария жатыр. Бұларды көрiп орнынан қинала қозғалды. Жанында отырған жiгiттер қарияны оңдап малдас құра отырғызып, жан-жағын көрпемен, жастықпен қымтап тастады.

-         Аманбысың, Жүнiсбай, - дедi қария, - Күйлi-қуаттысың ба?

-         Бақуатсыз ба, баба, - дедi атасы бiртүрлi ыңғайсызданып, - Келiп қалыпсыздар.

-         Кел, төрлет, қарағым. Асылдың сынығы. Жаныма отыр, - Қария иек қаққан. Жұрт ысырылып қарияның жанынан орын ашты. Атасы төрге отырғаннан кейiн Әжiгерейдi жанына шақырып алып қарияға сәлем бергiзген.

-         Өркенiң өссiн, балам, - дедi қария риза болып, - Мен сияқты ақ сақалды, сары тiстi шал бол, - Содан кейiн төр үй жаққа мойын бұрып дауыстай сөйлеген, - Күлбағила, а, Күлбағила. Кел мұнда, қарағым. Қызмет қыл, шай құй.

Әжiгерей екi ай көрмеген апасын танымай  қалды. Үстiнде сусылдаған көк жiбек көйлек, әдемi алқоңыр камзол. Басына ақ шарқат орапты. Сұйықтау бұрымына шашқап киiптi. Жорғалай басып, ешқашан қызарып көрмеген шабдар жүзiне күлкi үйiрiлiп дастарханның шетiне iзетпен отырды, шалына ернiнiң ұшымен ғана сәлем бердi, - Амансың ба, Жүкем.

Жүнiсбай кемпiрiнiң жаңа түскен келiндей сызылған мына түрiн жақтырмай төмен қараған. Жұрт ештеңе байқамағансыды…

            Шай iшiлiп бола бергенде атасы орнынан тұрды., - Қой, қиды түсiрiп тастайық.

-         Балалар түсiре салады ғой, - дедi қария.

-         Түсiретiн жердi көрсетейiн, - дедi атасы шығып бара жатып. Әжiгерей де орнынан тұрды.

-         Сен шайыңды iше берсейшi, жарығым, - дедi апасы.

Әжiгерей бұрын мүлдем естiмеген мейiрiм сөзден сәл аңырып тұрып қалды.

       Апасы дастарханда үйiлiп жатқан мейiз, қант-кәмпиттi бұған  қарай ысырған.

-         Жеп тойып ал.

Әжiгерейдiң бойын қуаныш кернедi. Арқасына қанат бiткендей. Қуанғанда оңаша кетiп қалатын әдетi бар-тын. Сол әдетiне басып,-

-         Атама көмектесем, - дедi жүгiрiп шығып бара жатып.

Апасының бiр нәрсе дегенi, қарияның мейiрлене күлгенi естiлдi.

Қайсысы екенi есiнде жоқ, әйтеүiр атасы шерткен көп күйлердiң бiрiн көңiлдене ыңылдап, қуанышы қойнына симай ауланы ары-берi аралады. Қораның бұрышын айналып атасы шықты. Манағы қасапшы жiгiт еттi мүшелеп, ошақтың үстiндегi үлкен қазанға тоғытып, ендi шағын үстелге қуырдақ турауға отырыпты. Атасы жетiп келiп ысылдай сөйлеген.

-         Немене, әпкелерiңдi қайтадан ұзатып алып келгенсiңдер ме?

Жiгiт ыржалаңдай күлiп, пышақ ұстаған оң қолымен үй жақты меңзедi, -

-         Менен несiн сұрайсыз, жездеке-ау? Бәрiн анау үлкен кiсi бiледi. Сол кiсiмен сөйлесiңiз.

-         Мына қамшымен бiр тартып басыңды қақ айырайын ба, осы, - дедi атасы қамшысын ыңғайлап.

-         Мiне, басым, - дедi жiгiт, - Өлтiрсең де, не iстесең де өзiң бiлесiң, жездеке.

Атасы ызалана шырт түкiрдi.

-         Әжiкен!

-         О не, ата?

-         Сен анау Әлсейiт атаңның үйiне бар, кешке келерсiң. – Басынан сипаған, - Бара ғой, құлыным. Үлкендердiң әңгiмесiн естiмей – ақ қой.

Түннiң бiр уағында қайтты. Бағанағы  қаптаған көп қонақтың бiрi жоқ. Апасы үй iшiн жинап болып қалыпты. Әжiгерейдiң алдына орта табақ ет қойды.

-         Жей ғой.

Әжiгерей атасына қарады. Түнерiп отырған шал құптағандай бас изедi.

-         Же, же, тойып ал.

           Есi кете ойнап әбден шаршап келген Әжiгерей табақтан екi асағаннан кейiн-ақ қылжиып ұйқыға кеткен. Таң атып келе жатқанда күбiрi дүбiрдей атасының даусынан оянды.

-         Тапқан амалдарын қара. Жүзге келген  Құлтайды алып келiптi. Әкемнiң көзiн көрген. Әйтпесе қайтарып жiберер едiм. Бабаларыңның сөзiн аттап кете алмадым.

           Аз-кем үнсiздiк орнады.

-         Кеш менi, Жүке, - дедi апасы.

-         Өмiрiңде пұшпағың қанамаған. Балаға содан кейiн мейiрiмсiзсiң. Сол баладан басқа не қызығымыз бар, өзiң ойлашы, - дедi атасы қайтадан көтерiле бастап.

-         Кеш менi, Жүке, - дедi апасы, - Кеш. Ендi не айтсаң да көндiм. Тек қума менi.

           Әжiгерейдiң жүрегi ауырды. Ендi апасын аяп кеткен. Атасы намазын оқып шайын iшiп жұмысқа кеткенше ұйқтағансып жата бердi.

-         Әжiкен, тұра ғой ендi, - дедi апасы, - Шайыңды iш. Сабағыңды дайында.

           Әжiгерей асықпай бетi-қолын жуып түннен қалған мол дастарханға отырды.

-         Мiне, өзiң құйып iш, - дедi апасы қара шәүгiмдi үстел үстiне  қойып, - Мiне, сүтiң, шайың. Екi қолыңды бос қойдым. Мен биенi ағытып келейiн.

           Сыртқа бет алды. Әжiгерей хош иiстi қою күрең шайды рахаттана iшiп, табақтағы еттен қарбыта жедi. Терезеден төгiлген күннiң нұрына қарап, болашақтағы тату-тәттi, бақытты өмiрдi ойлап қиялдады. Кенет бөлмеде өзiнiң жалғыз емес екенiн сездi. Ақырын артына бұрылып қараған. Апасы екен. Тiсi ақсиып кеткен. Қарғыс айтып тұрған сияқты. Көзiне көзi түскенде, көзiнен ғана емес, бүкiл әлпетiнен төгiлген өштiк пен жиренiштi көргенде бойын билеген қуаныш iлезде жоқ болды.Жүрегi үзiлiп түскендей, iшiн баяғы өзiне таныс үрей бүрiп ала жөнелдi. Кесенi қолына алып көзден аққан жас пен ащы шайды араластырып жұта бердi, жұта бердi.

 

 

Добавить комментарий

Уважаемые посетители сайта Отукен!
Будучи людьми культурными, пожалуйста, воздержитесь от нападок, неуважительных высказываний, хамства и ненормативной лексики.


Защитный код
Обновить

Партнеры

Дружественные сайты
Баннер
Template by Jolly art © 2010 | CSS 2.1 | XHTML 1.0